Видео

Бір үйір аш қасқыр қоршап алған бұлан күтпеген әрекет жасап, сытылып кетті - видео

Жазылу
Аш қасқырлардан құтылу үшін мүйізі және тұяқтарымен қорғанып, қашып жүрген бұландардың видеосы интернет қолданушыларын таңғалдырды

Видеоны АҚШ-тың Вайоминг штатындағы Йеллоустон ұлттық саябағына келген адам түсіріп алыпты. Кадрларда қасқырлар бұландар тобырын қоршауға алып, шабуыл жасады.

Бұландар бытырай қашқанымен, жыртқыштар бірінің ізіне түсіп, азуын батырмақ болады. Алайда жануар мүйізімен сүзіп, тұяғын сермеп, қасқырларға қарсылық көрсетті.

Баласына араша түскен борсық леопардтың зәресін ұшырды - видео

Осылайша уақыт үнемдеген бұландар біртіндеп сытылып кетті. Ал қасқырлар қалың қарға малтығып, артта қалып қойды.

Жаңалықтар
0