21:39 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Видео

Асқар Мамин басқаратын үкіметтің алғашқы отырысы бүгін қалай өтті – видео

Қысқа сілтеме алу
2778 0 0

Бүгін жаңа премьер-министр Асқар Мамин министрлер кабинетінің мүшелерін жинап, үкіметтің алғашқы отырысын өткізді

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Әдетте аптаның әр сейсенбісінде таңғы 10:00-де өтетін отырыс бүгін бір сағатқа ерте басталды.

Премьер-министр Асқар Мамин өз орынбасарлары мен 15 ведомствоның басшыларын таныстырды. Отырыс басталар алдында жаңадан тағайындалған министрлер халық пен президент алдында ант берді.

Тағы оқыңыз: Жаңа министр: таяуда жәрдемақының жаңа мөлшері жария етіледі

Мамин қазіргі құрам нақты нәтижелерге қол жеткізетін "нақты істердің үкіметіне" айналуы тиіс екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығару, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыра аламыз", - деді премьер.

Жаңа үкімет дүйсенбі, 25 ақпанда құрылды. Үкімет тізгінін Асқар Мамин ұстады. Нұрсұлтан Назарбаев оның кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізген болатын. Төменгі палата депутаттары оны бірауыздан мақұлдады.

Тағы оқыңыз: Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілмес бұрын, ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Бұрынғы министрліктің ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қоғамдық даму министрлігіне берілді. Ал қоғамдық даму министрлігі ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ведомствоның байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беріліп, ол цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.

Тағы оқыңыз: Мадина Әбілқасымова қызметінен кетті

Жаңа үкіметтің құрамында енді 15 ведомство.

Бұған қоса, Ұлттық банктің басшысы ауысты. Данияр Ақышев экс-премьер Бақытжан Сағынтаевтың үкіметімен бірге отставкаға кетті. Оның орнына бұрынғы вице-премьер Ерболат Досаев келді.

Кілт сөздер:
видео, Үкімет, Асқар Мамин
Загрузка...

Басты тақырып