Видео

Жанкешті ана баласын құтқару үшін жүк көлігінің астына ұмтылды – қорқынышты видео

Жазылу
Вьетнамда адам айтса сенгісіз таңғажайып оқиға болды. Видеотіркегішке мотоциклмен келе жатқан ана мен баланың құлаған сәті түсіп қалған

Артта келе жатқан көлік қасынан озып өткенде, мотоцикл жүргізушісі тепе-теңдікті жоғалтып, жолаушылар жол үстіне құлайды. Сол сәтте қарама-қарсы бетте жүк көлігі келе жатқан еді. Әйел баласымен бірге көліктің астына қарай домалап кетті.

Анасы соңғы сәтте ұлын жүк көлігінің дөңгелегі астынан алып шыққан. Абырой болғанда, өзі де, баласы да аман қалды. Оқиға видеотіркегішке түсіп қалыпты.

Жаңалықтар
0