Видео

Бір күнде қысқа айналды: қалың қар астаналықтарды әуреге салып қойды – видео

Жазылу
Көктем бел ортадан ауғанда, Нұр-Сұлтанда күн күрт суытып, қар жауды. Ауа райының тосын мінезі қала тұрғындарын әбігерге салып қойды.

Gismeteo.kz мәліметіне сенсек, сынап бағанасы қазір -2 градусты көрсетіп тұрғанмен, -8 градус болып сезілуде. Бұған қоса, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғып тұр.

Көшеде жеңіл, бас-киімсіз жүрген адамдар көп-ақ. Соған қарағанда, елордалықтар сәуірдің ортасында қар жауады деп күтпеген сыңайлы. Қайтып оралған "қысқа" қуанып, селфи жасап жүргендерді де кездестіруге болады. Ал қаланың коммуналдық қызметтері жолдарды тазалап әлек.

Тағы оқыңыз: Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ кілт тоқтатылды - видео

Синоптиктердің болжамына сенсек, елордада күн келесі аптада бір-ақ жылынады. Ауа температурасы +7...+11 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

© Sputnik / Абзал ҚалиевНұр-Сұлтанда сәуір айының ортасында қар түсті
Бір күнде қысқа айналды: қалың қар астаналықтарды әуреге салып қойды – видео  - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда сәуір айының ортасында қар түсті

Айта кетсек, аппақ қарға оранған Нұр-Сұлтан ғана емес. Екі-үш күн бұрын Петропавл, Көкшетау қалаларында да қар жауып, тұрғындарды әуреге салған еді. Ал кеше Семей мен Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылған болатын.

Тағы оқыңыз: Қандай жағдайда мектепте сабақ болмайды?

Бүгін Қарағандыда да ауа райы тосын мінез танытты. Өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде көктемде жауған қардың суреттерін жарыса жариялап жатыр.

Жаңалықтар
0