Видео

Қазақстандық журналист SputnikPro жобасында кәсіби біліктілігін шыңдап жатыр

Жазылу
Грузияда SputnikPro жобасы аясында әлеуметтік журналистика бойынша тренинг өтті

"Елорда ақпарат" қалалық сайтының тілшісі Айнұр Шошаева тағылымдама барысында алған білімін жоғары бағалап отыр. Ол өз мақалаларында әлеуметтік журналистика мәселесін көтереді. "Экология жылы" және "Еріктілер жылы" жобаларын жүзеге асырған "Россия сегодня" ХАА мамандары Мария Ферсман мен Елена Исайкина әріптестерімен өздерінің кәсіби құпияларымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Грузия.

"Әлеуметтік журналистика – өте қызықты тақырып. Бізге, журналистерге, үнемі жаңа нәрсені үйренген дұрыс. Мұндай тренингтер өте маңызды", -деді Шошаева.

Айнұр Шошаева XXІ "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінде Sputnik арнайы жүлдесінің лауреаты атанды. Ол "Журналистика/интернет-ресурстар" номинациясы бойынша қызықты шығармашылық жұмысы үшін журналистерге арналған SputnikPro тренингіне қатысуға мүмкіндік алған еді.

SputnikPro ашық диалог форматында шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық журналист Sputnik Қазақстан Грузияда тағылымдамалан өтіп жатыр

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

Жоба іске қосылғаннан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грекия, Грузия, Үндістан, Қырғызстан, Түркия мен Эстония елдерінде ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
0