04:00 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Видео

ІІМ Қордай маңындағы жол апатынан кейін видео таратты

Қысқа сілтеме алу
1097 0 0

Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз Қордайдағы жантүршігерлік апатқа қатысты түсініктеме берді

Ораздың мәліметінше, 20 сәуір күні таңертең Алматы – Ташкент автожолының 181-ші километрінде Toyota, жүк көлігі және жолаушылар автобусы ірі жол апатына ұшырады.  

Жамбыл облысында автобус апатынан 11 адам қаза болды

Алдымен Toyota автокөлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігін соққан. Тасжолда келе жатқан жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтемін деп аударылып кеткен.

"Қордайдағы қайғылы жол-көлік апаты салдарынан 11 адам қаза тапты, 29-ы ауруханада жатыр (...).Облыс әкімдігі жедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ашылды, онда психологтар кезекшілік жасайды.  Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІІМ мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды", - деді Ораз видеоүндеуде.

Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды. Жол апаты болған жерде барлық құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.    

Полиция 11 адамның өмірін жалмаған Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеуді бастады. Толығырақ видеодан көріңіз.    

Тақырып бойынша

Қордайдағы апат: автобуста болған Өзбекстан азаматтарының аты-жөні жарияланды
Автобус үйдің төбесіне құлады: 29 адам көз жұмған
Қордайдағы жантүршігерлік апат: Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Автобус жүргізушінің денесі құрысып, рөлді жібере салды – қорқынышты видео
Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: әкімдік зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтты
Кілт сөздер:
видео, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып