03:23 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Видео

Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді– видео

Қысқа сілтеме алу
Рамазан айы - 2019 (40)
596510
© Sputnik . Абзал Қалиев, Инеш Шоқақова

2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр

Рамазанда ораза ұстау мұсылманға парыз. Араб тіліндегі "саум" (ораза) сөзі "адамның өзін тізгіндей білуі және жол бермеу" деген мағынаны білдіреді. Оразаның терминдік мағынасы – ниет ете отырып, таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жеуден және басқа да нәпсі қалауынан тыйылу. 

Тағы оқыңыз: Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар

Рамазан айында Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылып, тозақ есіктері жабылып, жын-шайтандар шынжырланады және осы айда тілектер қабыл болады.

Тағы оқыңыз: Оразаға қалай дайындалу керек?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына оразаға қатысты көптеген сауал түседі. Ауыз бекітуге ниет еткендерді негізінен мынадай сұрақтар мазалайды екен:

  • Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
  • Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?
  • Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?
  • Ескі оразадан қарызы бар адам не істеуі керек?
  • Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқи ма?
  • Сілекей жұтса, ораза бұзыла ма?
  • Ораза ұстаған адамға төсек қатынасына түсуге бола ма?
  • Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?

Жиі қойылатын сауалдарға ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі сараптама секторының меңгерушісі Медет Құрмашұлы жауап берді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

Тақырып:
Рамазан айы - 2019 (40)

Тақырып бойынша

Мұсылман күнтізбесі: айлардың атауы мен олардың мағынасы
Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 18 дерек
2019 жылы Рамазан айы мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Мұсылманша есімдер немесе ат қою кезінде нені ескеру керек?
2019 жылғы діни мерекелер күнтізбесі
Кілт сөздер:
рамазан айы, ҚМДБ, ораза, видео
Загрузка...

Басты тақырып