Видео

Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті – желіде толық видеосы жарияланды

Жазылу
Димаш Құдайбергеннің Кремльде өткен концертінің толық видеосы желіде жарияланды

Димаштың жеке ән кеші 22 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында өткен болатын. Әлемнің 56 елінен қазақ әншісінің тыңдармандары Ресей астанасына жиналды.

Димаш әр тілдерде танымал туындыларды орындап, қазақ тілінде ән шырқағанда залда Қазақстанның туы желбіреп тұрды. Ал "Елім менің" әнін орындаған кезде жүрек пішінді шарларды ұшырды.

Тағы оқыңыз: Димашқа қандай қыздар ұнайды - әншімен ашық сұқбат

Сонымен қатар, Димаш фанаттарын тағы бір өнерімен таңғалдырды: домбырамен Дәулеткерейдің "Көроғлы" күйін орындап берді.

Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Тағы оқыңыз: Қытайда Димаштың суреті салынған "біртүрлі" фонтан орнатылды - видео

Жаңалықтар
0