23:41 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
© Sputnik / Абзал Калиев.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстанда мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдың 4 маусымынан аталып өтеді.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік туы мен елтаңбасы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік тудың авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Ал елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман (Шота) Уәлиханов.

Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылы бекітілді.

Тағы оқыңыз: Елтаңбаның авторы Шота Уәлиханов туралы деректер 

Қазақ елі егемендігін алған соң, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимні музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сондай-ақ, әнұранның үздік мәтініне жарияланған байқауда белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңді.

2006 жылы елімізде жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халық арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" әні таңдалды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Ал 2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында "Мемлекеттік рәміздер туралы" жарлыққа тиісті түзету енгізіліп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

Тағы оқыңыз: Нидерланды елшісі Қазақстан әнұранын баянмен орындады

Мерекеге орай Sputnik Қазақстан тілшісі тұрғындардан мемлекеттік рәміздер туралы сұрап білді. Толығырақ видеодан көріңіз.

Тақырып бойынша

Елорданың әнұранын жаз да, 3 миллион теңге ұтып ал – әкімдіктің конкурсы
4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні
Терезеге ілінген көк ту: даулы іс Жоғарғы сотқа дейін жетті
Ақтауда әнұран айтудан бас тартқан екі сарбаз ауруханаға түсті
Кілт сөздер:
мемлекеттік ту, әнұран, елтаңба, видео, мемлекеттік рәміздер
Загрузка...

Басты тақырып