16:14 17 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.81
  • EUR430.27
  • RUB6.06
Видео

Қазақстан қалаларындағы митингілер – ІІМ оқиға орнынан видео жариялады

Қысқа сілтеме алу
7362 0 0

9-10 маусым күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер кезінде 700-ге жуық адам ұсталды

Бірінші күні 500 адам ұсталған болатын, 10 маусымда тағы 200 адам ішкі істер органдарына жеткізілді, деп хабарлады тиісті ведомство.

ІІМ-де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болған митингілерді "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған - Sputnik) жақтастары ұйымдастырғанын айтты.

Тағы оқыңыз: ІІМ митинг кезінде журналистің соққыға жығылғанын растады

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, олар әлеуметтік желілер мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарапайым адамдарды шеруге шығарып, тәртіпбұзушылыққа итермеледі. Митинг кезінде ұсталғандар полицияға жеткізілді. Олардың біразы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейбіреуі түсіндіру жұмыстарынан кейін үйлеріне жіберілген.

Еске сала кетсек, кеше, 10 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге шыққандармен диалог орнатуға дайын екенін айтқан болатын.

"Иә, шынымен, Алматы мен елордада бір топ азамат наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан қарасақ, бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, аталған әрекеттер заңсыз деп саралануы мүмкін. Елімізде бостандық бар ма дегенге тоқталсам, Қазақстанда бостандық бар", -деді Тоқаев.

Ол наразылық шерулері кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерін әдейі арандатқаннан кейін, олардың тарапынан қажетті шаралар қабылданғанын айтты.

Тақырып бойынша

ІІМ митинг кезінде ұсталғандардың нақты санын жариялады
Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митингіге шыққан 500-дей адам ұсталды - ІІМ
Митингіде полицейлерге гүл сыйлаған қыздың анасы мән-жайды түсіндірді
Тоқаев екі қаладағы митингілерге қатысты пікірін айтты - видео
"Нұр-Сұлтанда ұсталғандардың бірі қаза болды" - ІІМ ақпаратты жоққа шығарды
Кілт сөздер:
видео, ІІМ, митинг, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып