Видео

13 мың түлек тест тапсырды: ҰБТ-ның бірінші күні қалай өтті – видео

Жазылу
20 маусым күні Қазақстан бойынша 13 мың түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті

Елордалық түлектер ҰБТ-ны Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тапсырды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл жоғары оқу орнында 600 түлек емтихан тапсырғанын айтты.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанда 117 242 түлек ҰБТ тапсырады.

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу тоғыз күн болады. Осы жылы мемлекет бакалавриатқа 53 мың грант бөлген.

Тағы оқыңыз: Бәрі ұялы телефонмен келіпті: күзет қызметі түлектерді тәртіпке шақырды

ҰБТ-ның бірінші күні Асхат Аймағамбетов түлектерге сәттілік тілеп, емтиханға тыйым салынған заттарды алмау қажеттігін ескертті.

Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі астаналық түлектерден ҰБТ-дан қалай өткенін, емтихан кезінде қандай тәртіп бұзушылықтардың болғанын сұрап көрді.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0