06:53 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Видео

Тойға тікұшақпен барған жас жұбайлар желіні шулатты: қандай шара қолданылды

Қысқа сілтеме алу
253210
© Photo : Pixabay

Тікұшақпен тойға барып, жұрттың назарын аударған жастардың әрекеті үшін әуе компания зардап шегуі мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жас жұбайларды тойға апарып, ережені бұзған пилотқа қатысты шара қолданды. 

Дүйсенбі, 15 шілде күні қазақстандық БАҚ Falcon Avia ЖШС-нің R-44 тікұшағының видеосын жариялаған болатын. Видеода тойға тікұшақпен барған жас жұбайларды көруге болады. Видео желіні шулатты. Олардың бұл әрекеті қолданушылардың бірін таңғалса, енді бірінің ызасына тиді. Оқиға Шу қаласында болған.

"Қазақстан республикасының азаматтық авиациясының ұшу ережесінің 423-тармағында қарастырылған нормалар сақталған жоқ. Бұл факті бойынша елді мекенге қонған тікұшақ капитаны А.Матвиенко ұшудан шеттетілді. Сондай-ақ, инспекциялық комиссия "Falcon Avia" жұмысын тексеріп жатыр", - деп жазылған авиациялық комитет хабарламасында.

Бұл компания пилоттарды даярлаумен айналысады.

Тақырып бойынша

Тойда қалыңдығының әзілін көтере алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді – видео
Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін үш минуттан соң ажырасып кетті   
Төртінші рет әйел алған танымал актер төрт күннен соң келіншегін тастап кетті
Той үстінде күйеу жігіт қалыңдығын батпаққа батырып, қасына жатты – видео
Қазақстандық жас-жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды
Кілт сөздер:
видео, желі, жас жұбайлар, тікұшақ, Шу станциясы
Загрузка...

Басты тақырып