19:13 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Facebook/ Республики Казахстан в Российской Федерации

Сіз қазақ бағы қандай болуы мүмкін екендігі туралы ойланып көрдіңіз бе? Ал мына екі қазақстандық дизайнер оны елестетіп қана қоймай, іске асырды. Енді олардың жобасы Қазақстанды осы күндері Мәскеуде өтіп жатқан "Бақтар мен адамдар" фестивалінде таныстырады 

Ерекше сәулет-ботаникалық композицияның авторы алматылық дизайнер Нелли Лаптева мен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко болды.

"Қазақ бағы" жобасының басты идеясы – табиғатты қалаға қайтару. Бұл біздің өмір сүруіміз үшін қажет", - дейді Татьяна Антоненко.

"Қазақ" жасыл бұрышы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді және ұлттық табиғи реңкті дәл береді. Композицияның ортасында киіз үй түрінде өрнектелген дөңгелек ағаш арба орналасқан.

Авторлар қазақ бағының басты символы – алма ағашын  әкелмегенімен, мұнда келушілер жергілікті алма мен шоколадтан дәм тата алады.  

 Әзірлеушілердің айтуынша, жоба ресейлік-қазақстандық болып шықты – оған қаражатты екі елдің ландшафт  дизайнерлері жинады.

"Бақтар мен адамдар" фестивалі алтыншы рет өткізіліп отыр, оған ресейлік және шетелдік дизайнерлер қатысуда. Ол Солтүстік гүлбағындағы Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде 15-25 тамыз аралығында өтеді.  

Кілт сөздер:
бақ, Мәскеу
Загрузка...

Басты тақырып