Видео

Димаш Қазандағы әлем чемпионатында ән шырқады - видео

Жазылу
Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген WorldSkills Kazan 2019 әлем чемпионатының жабылу рәсіміне қатысты

Қазанда WorldSkills стандарты бойынша кәсби шеберліктен 45-ші әлем чемпионаты аяқталды.

"Қазан Арена" стадионындағы халықаралық жарыстың жабылу рәсімінде қайталанбас қойылым көрсетіліп, жеңіс тұғырына көтерілген жүлде иегерлері марапатталды, сондай-ақ "Елдің үздік өкілі" сыйлығы ұсынылды.

Әлем чемпионатының жабылу рәсімінде Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйледі.

Тағы оқыңыз: "Әлемнің халық әртісі": Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео

Шоу аясында қазақ әншісі Димаш Құдайберген бірнеше ән орындаған. Ол Татарстан астанасына барып, тыңдармандарымен кездесетінін Instagram арқылы хабарлаған болатын.

Димаш бұл кеште төрт ән орындады, соның ішінде "Там, где живет любовь" композициясын әртістер мен көрермендер қосыла шырқаған.

Сондай-ақ әнші Instagram-да Қазандағы көрермендермен қоштасу сәтінің кадрларын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Ал Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов жеке парақшасында Димаш Құдайбергенмен бірге түскен суретін жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Минниханов (@rusminnikhanov)

Қазан Аренада стадионына 45 мыңнан астам көрермен сыяды. Бұл – Ресейдегі ең ірі стадиондардың бірі.

Жаңалықтар
0