Видео

Пысық жігіт көкөністі құрылыс кранының көмегімен сатып жүр – видео

Жазылу
Қазақстан тұрғыны құрылыс кранымен жоғары-төмен түсіп, тұрғындардың терезесін қағып, шаңсорғыш пен көкөніс сатып алуды ұсынды. Оқиғаның қалай болғанын біздің видеодан көріңіз  

Қазақстан тұрғыны сауда жасаудың тың тәсілін ойлап тапты. Ер адам клиенттердің терезесіне жету үшін құрылыс кранын қолданған.

Алдымен ол бір байлам гүлмен жұрттың назарын аударып, содан кейін шаңсорғыш сатып алуды ұсынады.

Егер сатып алушы электротехникаға қызығушылық танытпаса, саудагер көкөніс сатуға көшеді.

Куәгерлердің айтуынша, ол барлық тауарын сатып кеткен.

Тағы оқыңыз: "Байы жоқ қыз мықты бай табады". Шымкенттік кәсіпкер ерекше әдіспен тауар сатып жүр 

Көптеген адамға сауда-саттықтың мұндай әдісі ұнамауы мүмкін, бірақ осы уақытқа дейін оған ешкім шағым түсірмепті.

Дегенмен басқа саудагерлер одан үлгі алмауы керек, өйткені бұл тұрғындардың тыныштығын бұзады.

Пысық саудагер туралы толығырақ біздің  видеодан көріңіз.  

Жаңалықтар
0