Видео

Аязға төзімді күмбез: Жас отбасы ерекше үйде жарты жыл өмір сүрмек – видео

Жазылу
Жас отбасы аязға төзімді күмбездің астындағы үйде жарты жыл өмір сүрмек. Толығырақ видеодан көріңіздер

Якутияда жартыжылдық ғылыми тәжірибе басталды. Жас отбасы қаланың сыртына, аязға шыдамды пленкадан жасалған күмбезбен жабылған үйге көшті.

Идея авторларының ойынша, конструкция жылуды ұстап тұруға көмектеседі, яғни энергия ресурстарын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Ер адам пиманың кесірінен сұмдық жағдайға тап болды - фото

Бір қабатты ғимарат пен гараж тәжірибе аясында түссіз, аязға төзімді пленка мен болаттан жасалған күмбезбен жабылды. Осылайша ғалымдар жылу тұтыну тиімділігін зерттемек.

Бұндай тәуекелге кімдердің келіскенін біздің видеодан көре аласыздар.

Жаңалықтар
0