09:34 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Видео

Қытайдағы жаңа коронавирус: әлемге эпидемия қаупі төніп тұр - видео

Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1358)
3412 0 0
© Sputnik .

Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келеді. Ресми деректер бойынша жүздеген адам ауруға шалдыққан

Вирус Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында тарала бастады. Желтоқсан айының соңында белгісіз пневмония туралы ақпараттар жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV екенін анықтады. Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті. 

Австралияда тағы бір адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Ресей мей Беларусьте де вирус жұқтырғандар туралы хабарланды, бірақ диагноз расталған жоқ. 

Қазір Ухань, көрші Хуанган қаласы жабылды: кіріп-шығу шектелді, қоғамдық көлік пен көптеген қалалық нысандардың жұмысы тоқтатылды. Басқа елдер әуежайларда қосымша тексерістер енгізіп жатыр.

Әзірге коронавирустан вакцина жоқ. Аурудың белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. Cоңғы мәліметтер бойынша 800-ден астам адам вирус жұқтырып, оның 25-і көз жұмды.

Қазіргі уақытта бұл вирус туралы не белгілі – видеодан көре аласыздар.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1358)

Тақырып бойынша

Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді
Қазақстандық спортшыны қытай жойқын нокаутқа түсірді – видео
Қытай иероглифі бар көгершіндер қазақстандықтарды дүрліктірді - фото
"Бірде-бір қытай жоқ": Даниал Ахметов маңызды сұраққа жауап берді
Қазақстанда Қытай азаматтары қылмыс үстінде ұсталды  
Қытай Қазақстанмен шекараны уақытша жабады
Кілт сөздер:
видео, вирус, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып