Видео

Қазақстанның жаңа елшісі Путинге сенім грамотасын табыстады - видеотрансляция

Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин жаңа елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Рәсім Үлкен Кремль сарайының Александровский залында өтіп жатыр

Сәрсенбі, 5 ақпан күні, Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі Ермек Көшербаев Ресей президенті Владимир Путинге сенім грамотасын табыстады.

Көшербаевпен бірге сенім грамотасын Ұлыбритания, Германия, Қытай, АҚШ, Франция сынды мемлекеттердің елшілері де табыстады.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов қызметінен өз еркімен кетті - министрлік

Ермек Көшербаев 29 қаңтар күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін көрші елде елші болған Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты 2019 жылдың 18 желтоқсанында қызметінен босатылды.

 

Жаңалықтар
0