18:26 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Видео

Қытайдан жеткізілгендер Нұр-Сұлтандағы "құпия" ауруханада жатыр - видео

Қысқа сілтеме алу
Қытайдағы коронавирус (55)
4064 0 0
ҚР денсаулық сақтау министрлігі

Ухань қаласынан арнайы бортпен елге жеткізілген қазақстандықтар мен шетелдіктер Нұр-Сұлтан қаласынан жеті шақырым жердегі арнайы ауруханаға жатқызылды

2 ақпанда 83 қазақстандық елге жеткізілді, сонымен қатар 18 Қырғызстан азаматы, бес беларус және Арменияның бір азаматы бар. Қырғызстандықтар бірден өз еліне ұшып кетті.

Елге жеткізілгендерден анализ алынды, киімдері мен жеке заттары жиналып,  аурухана киімі таратылды.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, азаматтардың ешқайсысынан коронавирус табылмаған. Соған қарамастан олар 16 ақпанға дейін карантинде болады.

Пациенттерге туыстарымен кездесуге тыйым салынған. Ал аурухананың орналасқан жері құпия мәлімет ретінде жарияланған жоқ.

Тағы оқыңыз: Қытайдан эвакуацияланған студент Қазақстан халқына үндеу жасады

Осыған дейін карантиннің №3 көпсалалы ауруханадағы арнайы бөлінген инфекция корпусында орналасқаны хабарланған еді.

Емхана инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті технологиялармен, заманауи диагностикалық, медициналық және реанимациялық қондырғылармен жабдықталған.

Құпия аурухана мен карантинде жатқандардың өмірін видеодан көре аласыздар.

Тақырып:
Қытайдағы коронавирус (55)

Тақырып бойынша

Қытай Помпеоның Шыңжаңдағы қазақтар қысым көріп жатыр деген мәлімдемесіне жауап қатты
Қытайдағы коронавирус: министр азаматтардан тынышталуды өтінді
Қытай туралы қауесетті кім таратады – Қытай елшісі ашық сұхбат берді
Коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды
Коронавирустан қаза тапқандарды өртеп жатқаны рас па?
Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді
Тоқаев Қытай басшысына хат жазды
Кілт сөздер:
видео, аурухана, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып