16:21 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
© Sputnik . Абзал Қалиев

Қазақстанның астанасында жаңа табиғи аномалия тіркелді. Толастамай жауған қардан кейін жаңбыр басталды

Қала тұрғындары ақпанда жауған жаңбырға таңғалып жатыр. Ал әлеуметтік желілерде көшедегі су мен көктайғаққа қатысты арыз-шағымдар көбейіп кетті. Себебі қалада жаяу жүру қиын.

Нұр-Сұлтан әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларға құм аралас тұзды шашып жүр. Соның арқасында көктайғақты азайтуға болады. Бұдан бөлек, су бұру жүйелері мен канализация желілерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наурызда ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамы бойынша қыстың соңғы күндері ауа-райы күрт өзгеріп тұрады. Басында жаңбыр мен жабысқақ қар жауса, артынан жауын-шашын сап тыйылады. Ал ауа температурасы жылдың осы мезгіліне сай емес, тым жоғары болады.

Тақырып бойынша

Үш жыл бойы шашын жаңбыр суымен жуған әйел адам сенгісіз нәтижеге қол жеткізді
Желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауды - синоптиктер себебін түсіндірді
Кілт сөздер:
видео, ақпан, жаңбыр
Загрузка...

Басты тақырып