Видео

Путин коронавирусқа қатысты жиын өткізіп жатыр - видео

Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин коронавирус мәселесіне қатысты губернаторлармен жиын өткізіп жатыр. Толығырақ тікелей эфирде

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков БАҚ өкілдеріне Владимир Путин коронавирусқа байланысты Ресей тұрғындарына бұл жолы үндеу жолдамайтынын хабарлаған болатын.

Соңғы айда Путин ресейліктерге екі мәрте үндеу жолдады. 25 наурыз күні коронавирустың таралуына жол бермеуге қатысты бірқатар шара ұсынды. Сондай-ақ, Ресей азаматтары мен бизнесін қолдау туралы айтқан.

Тағы оқыңыз: Ресейде оқитын студент коронавирус жұқтырып, Қазақстанға келген

Ал 2 сәуір күні ресейліктер сәуір айының соңына дейін жұмыс істемейтінін хабарлады. Мұнымен қоса, коронавируспен күрес кезінде субъект басшыларына қосымша өкілеттік берді.

Жаңалықтар
0