23:34 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
© Sputnik / Абзал Калиев.

Алматы тұрғыны Нұрбағи Қапасова жасына және созылмалы ауруларының болуына қарамастан коронавирустан жазылды. 82 жастағы әйел коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді

Нұрбағи Қапасова Алматыдан Нұр-Сұлтанға туыстарының үйлену тойына барған. Той 22 наурызда болады деп белгіленген, алайда қария ақпаннан бастап астанада болған. Сол себепті коронавирус індеті тарай бастаған кезде Нұр-Сұлтанда қалып қойған.

Үйлену тойы кейінге қалдырылды. Оның үстіне туыстарының бірінен коронавирус анықталып, онымен байланыста болған барлық адам стационарға карантинге алынған.

Ал 22 наурызда Нұрбағи апа елордадағы медицина орталығына жатқызылды. Талдау нәтижесі оның коронавирус жұқтырғанын көрсеткен, алайда науқаста аурудың ешқандай белгісі болмаған.

Ауруханада жатқанда екіжақты пневмониясы асқынып, дене қызуы көтерілген. Сонымен қатар дәрігерлер өкпенің созылмалы обструктивті ауруы мен подаграны анықтады. Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Тағы оқыңыз: "Олар үшін мен ұялдым": елордалық медбике изолятордағы "өмір" туралы айтып берді

Әжейдің айтуынша, ауруханада жағдайы күрт нашарлаған күндер де болған. Созылмалы аурулары, гипертония асқынған. Ал вирусқа қарсы дәрілерден асқазан-ішек жұмысы бұзылған. 

Кешенді емдеуден кейін COVID-19 инфекциясына жүргізілген екі талдау да теріс нәтиже берді. Нұрбағи Қапасова ауруханада 23 күн ем алып, жазылып шықты.

Қазір зейнеткер өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Үйінде, отбасының жанында отырып, ауруды жеңуге көмектескен жаратушы мен медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

Тақырып бойынша

"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Тойға барамын деп ауруханаға түсті - коронавирусты жеңген қарияның әңгімесі
"Бастығыңыз біледі, төменге түсіңіз деді" – карантинге жатқызылған еріктілердің әңгімесі  
Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты
"Не болып жатқанын түсінбедім" – коронавирусты жеңген оралдық әйелдің әңгімесі  
Кілт сөздер:
қария, коронавирус, видео, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып