Видео

Атамның аманаты: қазақстандықтар Жеңіс күніне арналған жобаға қатысуда - видео

Жазылу
Қазақстандағы Россотрудничество өкілдері Жеңістің 75 жылдығына арналған ауқымды акцияны қолға алғанын хабарлады

Atamnyn Amanaty республикалық челленджі аясында қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстары жайлы оқиғаларды бөлісіп жатыр. Олардың майданда болғанда жазған хаттары мен отбасылық суреттері жариялануда.

"Қазақстандықтар ерлік жасаған аталары туралы естеліктерге ерекше құрметпен қарайды. Наурыз айының басында бізге "Новое поколение" бағдарламасының қатысушысы Нұрбек Каменов ұсыныс жасады. Оның атасы белгілі заңгер, Ұлы Отан соғысының ардагері болған", - деді астанадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Константин Воробьев.

Оның айтуныша, Atamnyn Amanaty жобасы бойынша Уәлихан Каменов туралы ролик әзірленді. 

Бұл материалдар "Рухани Жаңғыру", "Жас Ұлан" жалпыұлттық қоғамдық қозғалыстарының жаңа жобасының бір бөлігіне айналды. Ресей елшілігі мен "Волонтёры Победы" бүкілресейлік ұйымы да жоба серіктесі болды.

Жаңалықтар
0