Видео

Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды

Жазылу
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Sputnik арнайы жобаны қолға алды. Оның аясында белгілі адамдар, саясаткерлер, бизнесмендер мен мәдениет қайраткерлері майдан шебінде болған туыстарының оқиғаларын айтып береді

"Город 312"  тобының солисі Светлана Назаренко Sputnik жобасында атасының соғыс кезінде бастан кешірген оқиғасын бөлісті.

Оның айтуынша, атасының үйіне жазған хатында кеңестік және неміс жауынгерлерінің әскери жинақылығын салыстырған. Мұны оқыған адамдар оны ату жазасына кеспек болыпты. Алайда түнде ол түс көрген. Түсінде әйелі қолынан ұстап, шұңқырдан шығарыпты. 

Ал таңертең Светлана Назаренконың атасын командир шақырған. Ол жауынгерді әйелі құтқарғанын айтыпты. Әйелі өз хатында: "Кузьма, сен фашистермен қасық қаның қалғанша дейін күресетініңді жаздың. Мен мұнымен толықтай келісемін. Сен нағыз азамат, патриот секілді әрекет ету керексің. Бірақ сенің үйге аман-есен оралуыңды қалаймын", - деп жазған.

Светлана атасы соғыстан аман оралғанын айтады. 

"Біз, балаларымыз бен немерелеріміз соғыс деген не екенін ешқашан көрмесек екен деп тілеймін. Аталарымыздың ерлігін есімізде сақтап, әрқашан құрметтейік", - деді әнші.

"Фронтовая перекличка" — таяу шетелдегі Sputnik баспасөз орталықтарының жобасы. 2020 жылы шара осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл жолы коронавирусқа байланысты түрлі редакцияларды біріктіретін видео байланыс болмайды.

Жаңалықтар
0