02:26 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Видео

Екі айға жуық үйде отырған астаналықтар шаштаразға лап қойды - видео

Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (388)
389 0 0
© Sputnik / Владислав Воднев

Екі айға жуық уақыттан бері қазақстандықтар төтенше жағдай және карантин режимінде өмір сүріп келеді. Осы уақыт ішінде көптеген нысанның жұмысы тоқтады, оның ішінде сұлулық салондары да бар

Төртінші мамырдан бастап елде карантин режимі жеңілдетілді, шаштараздар тұрғындарды алдын ала жазылу бойынша қабылдай бастады.

Sputnik Қазақстан тілшілері Нұр-Сұлтан қаласындағы сұлулық салондарының бірінде болып, карантин кезінде елорда тұрғындарының сырт келбеті қалай өзгергенін көріп қайтты.

Астаналықтар салондарға карантин режимі жеңілдетіледі деген жаңалықты ести салысымен жазылған. Қалада тек алдын ала жазылу арқылы шаш қидыруға болады.

Салонға келушілер кіреберісте қолды антисептикпен тазалайды, медициналық бетперде тағады. Бір залда тек бір клиент болуы керек. Жазылған уақыттан бұрын келгендер салонға кірмей, сыртта күтеді.

Бағдарламашы болып жұмыс істейтін астаналық Данияр наурыздың ортасынан бері шаштаразда болмаған. Ер адам қашықтан жұмыс істеп жатыр, сондықтан шашының өсіп кеткені қатты ыңғайсыздық тудырмаған. Алайда салондардың ашылғанын естіп, шашын ретке келтіремін деп шешкен.

"Шаштың өскені ыңғайсыздық тудырады, сол себепті бүгін келдім. Әдетте бір немесе бір жарым айда шаш қидырып тұрамын. Карантин кезінде эксперимент жасамадым, бұл тұрғыда мен тұрақты адаммын", - деді астана тұрғыны.

MOJO салонының ерлер бойынша шебері Оксана Десятова екі ай бос отырудың оңай болмағанын атап өтті. Тәжірибелі шаштаразды көндіріп көрмек болған клиенттер табылған, ол қатаң түрде оқшаулау режимін ұстанғанын айтты.

Оның айтуынша, бірінші күннен бастап салонға келушілердің қарасы қалың. Шаш қидырғысы келетіндер өте көп.

"Қазір үлкен дүрлікпе болуы мүмкін, себебі адамдардың шашы қатты өсіп кетті", - деді ол.

Шебердің айтуынша, салонға қоңырау шалатындар да көп. Барлық адамға орын жетпейді, сол себепті кей клиент біраз күте тұруы қажет.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (388)

Тақырып бойынша

Видео жылдам тарап кетті: карантин кезіндегі тікелей эфир қызу талқыланып жатыр
Онлайн-ауызашар: карантин кезінде мешіттер қалай жұмыс істеп жатыр - видео
Кілт сөздер:
шаштараз, карантин, видео
Загрузка...

Басты тақырып