18:14 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Видео

Ата-аналар қашықтан оқудың машақаты туралы айтып берді - видео

Қысқа сілтеме алу
410 0 0
© Sputnik . Абзал Қалиев, Арман Асқар

Қазақстанда 2019-2020 оқу жылы аяқталды. Коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшкен еді

Sputnik Қазақстан тілшісі астаналық оқушылардың ата-аналарын әңгімеге тартып, қашықтан оқу туралы не ойлайтынын сұрады.

Ата-аналардың көбісі мұғалімнің қадірін түсінгенін айтты. Себебі үйде бір баланың өзін оқыту оңай емес. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін қашықтан оқыту жүйесі қиынға соққан.

"Шынын айту керек, қашықтан оқыту жүйесінде қиындықтар бар. Әр адамның психологиясында өз-өзіне баға беру салыстырмалы түрде болады. Сол себепті бала сыныптастарымен өзін салыстырып, "мен жетістікке жеттім бе, жетпедім бе" деп, өз-өзіне баға береді. Сондықтан сыныптағы атмосфераның айтарлықтай орны бар. Үйдегі ата-ананың мақтап оқытқаны бір бөлек, ал сыныпта басқа балалармен салыстырмалы түрде оқығаны мүлдем басқаша ғой", - дейді ата-аналардың бірі.

Оқи отырыңыз: Министр мұғалімдердің мәселесін түбегейлі шешетін бұйрық күшіне енгенін айтты

Қашықтан оқыту жүйесінің бағалау жағын сынға алғандар да болды.

"Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер тақтадағы мысалды 15 секунд көрсетеді де, бірден жауапты өздері айтады. "Иә, дұрыс жауап бердіңіз, "а" жауабы дұрыс" дейді. Бала түгіл мен өзім оны оқи алмаймын. 15 секундтың ішінде ол мүмкін емес. Онда 8-9 жаттығу бар. Сол үшін қойған бағалары көтеріңкі. Ол дұрыс емес. Өз-өзімізді алдап, осылай оқып жүрміз", - деп атап көрсетті енді бірі.

Дегенмен, қашықтан оқу жүйесіне бейімделгендер бар. Интернетті енді үйреніп алғандар да табылды.

"Жалпы, қазіргі технологияның жетістіктері бізді осы форматқа көшуді талап етеді. Ертелі-кеш біз оған көшуіміз керек", - дейді олар.

Толығырақ біздің видеодан көре аласыздар.

Кілт сөздер:
видео
Загрузка...

Басты тақырып