09:21 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Видео

АҚШ-тағы наразылық: Калифорнияда полицей халық алдында тізе бүкті - видео

Қысқа сілтеме алу
215 0 0
© Ruptly .

Миннеаполисте полицей іс-әрекетінің кесірінен 46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойд көз жұмды. Осыдан кейін АҚШ-тың көптеген қаласында наразылық акциялары басталды

Калифорнияда бірнеше полицей наразылық білдірушілердің алдына шықты, тәртіп сақшысының бірі тізерлеп отырып, олардың бірін құшақтаған кезде қалғандары шулап қоя берді. Ал Брентвуд полициясының офицері Том Хансен сөз сөйлеп, халықтың талабы жерде қалмайтынын айтты.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етіп жүрміз. Осы жерге келіп, бізді қабылдап, барлығын дұрыс жасап жатырсыздар. Біз мұны құрметтейміз, сіздердің айтқандарыңызды естіп, өзгерту енгізгелі жатырмыз", - деді ол.

Де-Мойн қаласының полицейлері де наразылық акциясы кезінде алаңға шыққандардың алдында тізе бүкті. Осылайша, тәртіп сақшылары да нәсілшілдік пен әділетсіздікке қарсы екенін білдірді. Қала әкімшілігінің хабарлауынша, акция коменданттық сағатқа дейін өткен, одан кейін наразылық білдірушілер үйге тараған.

Кілт сөздер:
видео
Загрузка...

Басты тақырып