Видео

Қазақстанда ҰБТ басталды

Жазылу
21 маусымда Қазақстан бойынша ҰБТ басталды. Карантинге байланысты әрбір аудиторияға 18-20 адамнан ғана кіргізіліп жатыр. Толығырақ Sputnik видеосынан көріңіз

Бүгін талапкерлер таңғы сағат 7:00-ден бастап жиналды. Арақашықтықты сақтап, кезекке тұрды. Дезинфекциялық түнелден өтті. Ал ішке кіргеннен кейін бетпердені ауыстырды. Дене қызуы болған балаларды жедел жәрдем жан-жақты тексерді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда түлектердің бірін ҰБТ-ға кіргізбей қойды 

Бүгін дене қызуы көтеріліп тұрған бір баланы тестке тапсыруға кіргізбеді. Енді ол барлық медициналық тексерістен өтуі тиіс. Грантты тағайындау конкурсына дейін ондай талапкерлер үшін бөлек ҰБТ ұйымдастырылады.  

Жаңалықтар
0