Видео

Ресей Әскери-теңіз флоты күнін қалай атап өтті

Жазылу
26 шілдеде мерекелік парадтар Камчаткадан бастап Балтық теңізіне дейін барлық аймақта ұйымдастырылды

Дәстүр бойынша мерекелік шаралар Петропавл-Камчатский мен Владивостокта өтті. Оған Тынық мұхит флотының кемелері мен әскерилері қатысты. Ал негізгі теңіз парады Санкт-Петербург қаласында болды. Сол жерде Ресей президенті Владимир Путин өз құттықтауын жолдады.

Фин шығанағы арқылы 40-тан астам кеме өтті. Олардың арасында қайта жаңғыртудан өткен "Полтава" атты желілік кеме де болды.

Тағы оқыңыз: Ресей өз әскерінің жауынгерлік дайындығын тексерді

Осыдан кейін парад әуеде жалғасты. Солтүстік астананың үстімен 40-тан астам әуе техникасы ұшып өтті. Ал Су-25 аспанды ресейлік тудың түсімен бояп шықты.

Парадтар Севастополь, Балтийск пен Североморскіде өтті.

Сондай-ақ, алғаш рет Дағыстанның Каспийск қаласында ұйымдастырылды. Ол жерде Каспий флотилиясы орналасқан.

Сирияда жүрген ресейлік әскерилер де өздерінің кәсіби мейрамын атап өтті. Олар Тартус портында парад ұйымдастырды.

Әскери-теңіз флоты күнінің қалай өткенін видеодан көріңіз. 

Жаңалықтар
0