Видео

Елордада әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда "Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Іс-шара Nomad City Hall концерт залында ұйымдастырылып, отандық эстрада әртістерінің концертімен жалғасты.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Nur Otan партиясы қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі байқау бес номинация бойынша өткізілді: "Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік мемлекеттік қызметші", "Әлеуметтік қорғау саласындағы үздік азаматтық қызметші", "Үздік әлеуметтік қызметкер", "Әлеуметтік қорғаудың үздік мекемесі" және "Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым".  Жобаға қатысуға 40-тан астам өтінім түсті. Жеңімпаздарды арнайы байқау комиссиясы анықтады.

Марапаттау рәсімі мен жеңімпаздардың әсерін видеодан тамашалаңыз.

Жаңалықтар
0