Германияда әлемдегі ең ірі асқабақты өлшеді

Жазылу
Бельгиялық фермер Маттиас Вилемайн салмағы бір тоннадан асатын әлемдегі ең ірі асқабақ өсірді. Оның жетістігі Гиннесс рекордтарының кітабына енді.

Ең ірі асқабақтар арасындағы жаңа әлемдік рекорд Людвигсбургтегі (Германия) жыл сайынғы өлшеуде орнатылды. Салмағы 1190 келі болған асқабақ сайыстың жеңімпазы болды. Оны өсірген бельгиялық шаруаның айтуынша, ол рекорд жасаймын деп ойламаған.

"Мен өте ризамын. Оның осыншама ауыр екенін білмеппін. Бұл керемет", — деді Маттиас Вилемайн.

Людвисбургте өткен асқабақ өлшеу бойынша жыл сайынғы еуропалық чемпионатқа 20-дан астам елден ондаған адам қатысқан.

Жаңалықтар
0