00:28 29 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Бейнеклуб

Назарбаев Алматының жаңа музейінде домбыра тартты

Қысқа сілтеме алу
27 0 0
Видео предоставлено Телерадиокомплексом президента РК

Қазақстан Президенті жұмыс сапары барысында Алматының жаңа мұражайы экспозициясымен танысты. Бұл мұражай өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен көрсететін ірі ғылыми әрі мәдени орталық болып саналады.

"Әлемдегі кез келген ірі қалада музейлер өте көп. Бұған біздің де ерекше назар аударғанымыз жөн. Музейлер туристерді көбірек тарту үшін қажет, ал туризм – әрбір мемлекеттің экономикасының маңызды саласы", – деді Мемлекет басшысы.

Музей қорында 40 мыңға жуық экспонат, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениетке жататын тұрмыстық заттар, нумизматика жәдігерліктерінің жиынтығы және басқа мұралар бар, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мұражай экспозициясы 11 залдан тұрады, онда мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы Алматының көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы бейнеленген.


Басты тақырыптар