Конькимен қыз қуу: павлодарлық студенттер спорттың жаңа түрін ойлап тапты

Жазылу
Павлодарлық студенттер"қыз қууды" ойнының негізінде қазақтың ұлттық коньки спортын ойлап тапты деп хабарлады Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ақпарат және ақпараттандыру департаментінің директоры Руслан Біләлов

"Конькимен қыз қуу! Универсиада-2017 қарсаңында Торайғыров атындағы ПМУ республиканың басқа ЖОО-на үндеу тастайды! Дәстүрлі ойындар негізінде жаңа қысқы спорт түрін ойлап тауып, біздің эстафетамызға қатыс!", — деп жазды Біләлов Facebook парақшасында. 


Жаңалықтар
0