01:36 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Бейнеклуб

Жанып кеткен көліктің ішінде болған қыз тірі қалды

Қысқа сілтеме алу
121 0 0
NHRA

Автомобиль жарыстарына қатысатын 28 жастағы Кортни Форстың (Courtney Force) АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында болған көлік апатында тірі қалуы таңғажайып болып отыр.

Жарыс кезінде қыздың сағатына 531 км жылдамдықпен келе жатқан көлігі жанып кеткен. 

"Жарыс басталған кезде кенеттен Кортнидің машинасы дірілдей бастады. Бірнеше секунд өтпей жатып, қозғалтқыш жарылып, көлік түтінге оранды. Кортнидің аман-есен көліктен шығуы таңғажайып болды", — деп жазады The Star Daily басылымы. 

Дрэг-рейсинг жарысына келген көрермендер қыздың жанып кеткен көліктен аман-есен шыққанын көріп, таңғалды. 

"Құдайға шүкір, ол тірі қалды», — деп жазды желі қолданушылары. "Сұмдық болды. Масқара", —  дейді олар. 

Бірақ бұл жағдай Кортни Форсты тоқтатпақ емес. Ол осы оқиғадан кейін кезекті жарысқа дайындалып жатқанын жазды. Кортни апаттан кейін келесі күні басқа жарыста екінші орын алды. 


Загрузка...

Басты тақырып