10:45 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
© Sputnik . Айгюзель Кадир, Болат Шайхинов

Сәуірдің үшінші сенбісінде Дүниежүзілік цирк күні тойланады. Sputnik Қазақстан тілшілері цирктің сахна сыртындағы қызықтарын видеоға түсіріп, үйретілген иттермен танысты, тіпті ботақанды қоректендірді

Көрермендер залы тым-тырыс. Сайқымазақтар, акробаттар мен үйретушілер реквизиттерді тексеріп, трюктерді қайталап жатыр.

Жаттығу манежінде әртістер ең қауіпті трюктердің бірін орындап жатқанда, жылқылар мен түйелерге қарайтын Нұрлан Қасенбаев бізге өзінің жұмыс орнын көрсетті.

"Оларға ұрысып немесе бірдеңе жақпай қалса, ештеңе жемей қояды. Жаман ойды бірден сезеді, сол себепті оларға ешкім ұрыспайды, ұруға тіптен болмайды. Үнемі жұбатамыз. Кейбірі кішкентай бала сияқты. Ал мынау ең еркеміз —   Малыш", — дейді ветеринар.

Кілт сөздер:
сахна сырты, цирк
Загрузка...

Басты тақырып