09:07 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Youtube / Street Workout Qazaqstan

Қайрат Нұртас, Серік Сәпиев пен Әділ Ахметов Арыстанбек Мұхамедиұлының шақыруымен Street workout жаттығуларына қатысты.

Street workout – қазіргі таңда қарыштап дамып келе жатқан жаппай спортпен шұғылдану түрі. Бұл шараның мақсаты – осы спорт түрін Қазақстанда насихаттау, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі.

Жобаның шарты бойынша, конкурста жеңіске жеткен елді мекен Street workout жаттығуларына арналған жаңа алаңқайға ие болады. Ол үшін қазақстандықтар спортпен шұғылдану барысын видеоға түсіріп, жариялауы тиіс. Конкурстың шарттарын жоба сайтынан біле аласыздар: Challenge Street Workout KZ.

Айта кететін бір жайт, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, Street Workout KZ эстафетасын олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, танымал орындаушы Қайрат Нұртасқа, танымал қазақ актері Әділ Ахметовке берген екен.

Кілт сөздер:
жаңа жоба, воркаут, Мәдениет және спорт министрлігі, Қайрат Нұртас, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Загрузка...

Басты тақырып