Маңғыстауда тасбақалардың жекпе-жегін куәгер видеоға түсіріп алды

Жазылу
Бауырымен жорғалаушылар Қаламқас кен орнында дүйсенбі, 14 мамыр күні төбелескен

Видео авторы мұндай айқасты алғаш рет көріп отырғанын айтады, деп жазды "Лада".

"Тіпті мен бұл неғылған жанталас екенін білмеймін: шағылысу ма, әлде жекпе-жек пе? Өзіме қызық көрінген соң, видеоны адамдармен бөлісейін деп шештім", — дейді Федор.

Дала (орта азиялық) тасбақасы 40-50 жыл өмір сүреді. Олардың жасын сауытындағы жырашақтардың саны арқылы білуге болады. Тасбақалардың ұзындығы орташа 15-тен 20 сантиметрге дейін жетеді.   


Жаңалықтар
0