Әлем

Голландиялық саяхатшылар электромотоциклдармен Қазақстан арқылы өтеді

© Министерство иностранных дел Республики КазахстанЭлектромотоцикл путешественников группы "STORM Eindhoven"
Электромотоцикл путешественников группы STORM Eindhoven - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Голландияда Қазақстан арқылы өтетін әлемдік электромотосаяхат бастама алды, деп хабарлайды республиканың сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 17 там – Sputnik. Голландияда Қазақстан арқылы өтетін әлемдік электромотосаяхат бастама алды, деп хабарлайды республиканың сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

2016 жылғы 14 тамызда Эйндховен (Нидерланды) қаласында "Эйндховен технологиялық университетінің "STORM Eindhoven" ғылыми тобы құрастырған электромотоциклдердің әлемдік саяхаты бастама алды.

Мотосаяхат қатысушылары Еуропа, Азия және Америка аймақтары 25 елдерінің жолдарымен 26 мың шақырым өтуді ниеттенуде. Іс-шараның мақсаты болып электромобильдің инновациялық әлеуетін және баламалы энергия технологияларын кең қолданылуын көрсету.

Осы жылдың қыркүйегінде "STORM Eindhoven" әлемдік турнесінің аралық кезеңі Қазақстан аумағымен Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы Жаркент-Қорғас бағыты арқылы өтеді.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Алматы қаласындағы Қазақ экономикалық университетінде "STORM Eindhoven" командасы мүшелерінің қатысуымен озық технологиялардың арнайы презентациясы жоспарлануда.

Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшілігі және "STORM Eindhoven" ғылыми тобы мотосаяхат кезінде "Болашақ энергиясы" ұранымен өтетін баламалы энергия көздерін дамытуға арналған "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандырылған көрмесін насихаттау туралы келісімге қол жеткізді.

Жаңалықтар
0