07:48 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Әлемде

БАҚ: КХДР бесінші ядролық сынақ өткізген болуы ықтимал

Әлемде
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

Оңтүстік Корея үкіметінің болжамынша, Солтүстік Корея бесінші ядролық сынақ өткізген, деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасай отырып.

АСТАНА, 9 қыр — Sputnik. Оңтүстік Корея үкіметінің болжамынша, Солтүстік Корея бесінші ядролық сынақ өткізген, деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Оңтүстік кореялық әскерилердің деректеріне сәйкес, жарылыс құрылғының қуаты 10 килотон құрауы мүмкін.

Оңтүстік кореялық мамандар сондай-ақ, болжам расталған жағдайда бұл ядролық сынақтар КХДР тарихында ең ірі болуы мүмкін, деп санайды.

Бұдан бұрын жұма күні жергілікті уақытпен 09.30 шамасында (астана уақытымен 06.30) КХДР-да магнитудасы 5.0 сейсмикалық оқиға тіркелген.

Басты тақырыптар