08:11 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Брэд Пит

Балаларына қатыгездік танытқаны үшін Брэд Питке қарсы іс ашылуы мүмкін

© Sputnik / Екатерина Чеснокова
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
73 0 0

АҚШ Федералдық тергеу бюросының Брэд Питтің өз балаларына қатыгездік көрсетуіне байланысты ақпарат жинап жатыр, деп хабарлайды РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.

АСТАНА, 23 қыр — Sputnik АҚШ Федералдық тергеу бюросының Брэд Питтің өз балаларына қатыгездік көрсетуіне байланысты  ақпарат жинап жатыр, деп хабарлайды  РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ведомство өкілі Лора Эмиллердің мәлімдемесіне сәйкес, ФТБ актердің балаларға қатыгездік көрсетуіне қатысты БАҚ-та жарияланған ақпараттар бойынша дербес тергеу жұмыстарын бастау мүмкіндігін қарастырып отыр. Питқа балалары және жары Анджелина Джолимен бірге ұшақпен ұшу кезінде ашуға ерік берді, ауызша және физикалық тұрғыда дөрекілік көрсетті деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін TMZ ақпараттық порталы Питқа қатысты тергеуді Лос-Анджелес полициясы бастағанын хабарлаған.

Аптаның ортасында Джоли ажырасу үшін құжаттарын тапсырған. Өз шешімін ол "ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктермен" түсіндірді.  Сондай-ақ, актриса соттан алты баласын өзінің қамқорында қалдыруды сұрады. Бұл ретте, Питқа балаларын көруге рұқсат беріледі, заң тұрғысында ол  балаларына қамқорлық құқығын сақтап қалады.

Басты тақырыптар