08:34 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Сириялық босқын Муханад Муса

Cириялық босқын ескі сөреден 150 мың еуро тапты

© Foto: Muhannad Musa
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Неміс қаласы Минденде тұратын cириялық босқын, 25 жастағы Муханад Муса (Muhannad Musa), ескі сөреден 150 мың еуро тауып, полицияға апарып берді.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. Неміс қаласы Минденде тұратын cириялық босқын, 25 жастағы Муханад Муса (Muhannad Musa), ескі сөреден 150 мың еуро тауып, полицияға апарып берді деп хабарлайды Sputnik Германия.

Сириялық адал жігіттің әрекеті немістерді тәнті етті, ол туралы жергілікті газет-журналдарда жазылып, сыйақы берілетіні айтылды. Бірақ айтылған сөз іш жүзінде орындалған жоқ.

Муханад бастапқыда тауып алған ақшаны өзіне алғысы келгенін ашық мойындады, бірақ кейін заңды иесіне қайтару үшін полицияға апарып берген екен.

"Алғашқы ойым Сириядағы отбасым жайлы болды. Бұл ақша оларды Германияға көшіріп алуға жеткілікті еді. Сирияда соғыс, сұмдық жағдайлар болып жатыр. Екі бауырым әскерге шақырылатын жаста, оларды әскерге алып кетсе, не өздері өледі, не өзгелерді өлтіреді", — деді Муса Sputnik Германия тілшісіне.

Жас жігіт босқындардың жағдайы нашар болғандықтан, ақшаға зәру екенін мойындап отыр. "Мұқтаж жанның ақшаны полицияға әкеп бергеніне немістер қатты таң қалған шығар ", — дейді Муса.

Муса табылған ақшаның иесімен кездесіпті, оған сыйақы ретінде 1600 еуро береміз деп уәде берген екен. Бірақ ол ақша жігіттің қолына тимейді, сыйақы жұмыспен қамту қызметіне берілмекші.

"Босқын болғандығымнан, мұндай көп ақшаға иелік етуім заңсыз. Бұл ақшаға жүргізуші куәлігін алайын деп сұрадым, бірақ оған да тыйым салынған екен", — дейді жігіт.

Мусаның бар арманы – Сириядағы отбасын көшіріп алу. Өзінің айтуынша, одан артық байлықтың қажеті жоқ. 


Басты тақырыптар