Әлем

Кариб бассейні елдеріндегі "Мэтью" дауылының құрбандар саны 27 адамға жетті

© REUTERS "Мэтью" бораны салдары
Мэтью бораны салдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кариб бассейні елдеріндегі күшті "Мэтью" дауылының құрбандар саны 27 адамға жетті

АСТАНА, 6 қаз – Sputnik. Кариб бассейні елдеріндегі күшті "Мэтью" дауылының құрбандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости

Бұрын аймақ елдерінде 19 адам құрбан болды деп хабарланған. 

Рейтер агенттігінің деректеріне сәйкес, Гаитиде кем дегенде 21 адам қаза тапқан, тағы төрт адам Доминикан республикасында табиғат апатының құрбаны болған. Бұл ретте Колумбия мен Сент-Винсенте-и-Гренадина мекенінде екі адам қаза болды деп хабарланған. Бұл боран Атлантикада 2007 жылдан бері ең күшті болған. 

"Мэтью" Кубаның шығыс жағалауынан да өтті, алайда құрбандар туралы ақпарат жоқ. Куба билігі 1 миллионға жуық адамды қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерге көшірді. 


Жаңалықтар
0