03:39 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Рамзана Қадыровтың ұлы Ахмад ережесіз жекпе-жекке шықты

Қадыровтың балалары "сегізбұрышта": пікірлер әр түрлі

Скриншот в видео
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Атақты ММА күресшілері Грозныйдағы аралас күрес турниріне балалардың қатысуына қарсылықтарын білдірді

Астана, 6 қаз – Sputnik. Атақты ММА күресшілері Грозныйдағы аралас күрес турниріне балалардың қатысуы жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үш ұлы Grand Prix Akhmat-2016 халықаралық турнирінің көрнекті жекпе-жектеріне қатысты. Он жасар Ахмад Қадыров 14 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекте жеңіске жеткен. Қадыровтың басқа екі ұлы Эли мен Адам 27 және 35 килограммға дейінгі салмақта өз қарсыластарын жеңіп шықты. 

Жекпе-жек кадрлары бар бейнежазбаны Рамзан Қадыров Instagram парақшасында көрсеткен болатын.

 

 

Ресейдегі ММА одағының президенті Федор Емельяненко балалардың жекпе-жекке қатысқанын құптамайтынын білдіріп, ММА шарттары бойынша 12 жасқа дейін рингке шығуға болмайтынын мәлімдеді. 

"12 жасқа толмаған балаларға ММА ережесі бойынша жекпе-жекке қатысуға болмайды. Қатыспақ түгіл, 12 жасқа дейін балалар көрермен ретінде залға да кірмеуі тиіс. Бірақ бұл жарыста кіп-кішкентай бүлдіршіндер ел алдында бір-бірін соққыға жығып, ал үлкендер болса соны мәз-мейрам тамашалап отыр. Міндетті түрде балалардың денсаулығына зиян келтіретін жекпе-жек ұйымдастыру керек пе еді?!", — деді Емельяненко Р-Спорт агенттігіне берген сұхбатында.

"Ахмат" күрес клубының президенті Абузайд Висмурадов өз кезегінде Емельяненконың пікіріне қарсы екенін білдірді. "Біздің турнирға баға беретіндей кім ол сонша? Бәлкім, Grand Prix Akhmat-2016  Ресей ММА тарихындағы ең мықты турнир атанғанына, өзінің мұнда шақырылмағанына іші күйген шығар?"- деп жауап берді Висмурадов.

Атақты тәжік дзюдоисті, 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Расул Бакиев  Емельяненконың пікірін қолдап, балалардың мұндай жарысқа қатысқаны дұрыс емес деді.

2015 жылы Ресей азаматтығын алған күресші Джефф Монсон  Р-Спорт агенттігіне берген сұхбатында Федор Емельяненкомен толықтай келісетінін айтқан екен.


Басты тақырыптар