Әлем

Қырғызстандағы "Манас" әуежайында "бомба" іздестірілуде

© Sputnik / Табылды Кадырбеков"Манас" әуежайы
Манас әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз бір адам ұшуға 45 минут қалған кезде Бішкек полициясына хабарласып, ұшақ бортында бомба салынғандығын айтқан.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Белгісіз бір адамның "бомба" жайлы хабарынан кейін Қырғызстандағы "Манас" әуежайынан қызметкерлер мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды Қырғызстан ұлттық қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі.

"Манас" әуежайындағы ұшаққа салынған жарылғыш құрылғы туралы анонимді қоңырау дүйсенбі күні сағат 16:15-те полиция кезекші бөлімшесіне келіп түскен. 

Оқиға орнына ҰҚМК  мен ҚР ІІМ қызметкерлері барды. Әзірше жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. 

Sputnik Қырғызстан агенттігінің мәліметінше, ұшақ 17:00-де ұшуға тиіс болатын. 

Жаңалықтар
0