Әлем

БАҚ АҚШ мемлекеттік хатшысы болуға басты үміткерді атады

© Photo : U.S. State DepartmentАҚШ мемлектеттік департаменті ғимараты
АҚШ мемлектеттік департаменті ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ болжауынша, АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың министрлері мен кеңесшілері қызметіне онымен жақын араласып жүргендер тағайындалады.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Америкалық БАҚ АҚШ конгрессі өкілдері палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингричті жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың басқармасында мемлекеттік хатшы қызметіне басты үміткер деп бір ауыздан жариялауда деп хабарлады РИА Новости.

"Трамптың министрлері мен кеңесшілері қызметтеріне басты үміткерлер қатарына онымен жақын араласатындар тобы кіреді", — деп жазады New York Times газеті.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп АҚШ президенттік сайлауында 276 дауыс жинап жеңіске жетті

Басылымның мәліметінше, ол топта Трамптың саяси мәселелер жөніндегі негізгі кеңесшісі – Алабама штатының сенаторы Джефф Сэшнс, Нью-Йорктың бұрынғы мэры Рудольф Джулиани, Нью-Джерси штатының губернаторы Крис Кристи және конгресс өкілдері палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич бар.

Дональд Трамптың өмірбаяны >>

Politiko газетінің жазуынша, "Трамптың негізгі жақтаушысы" Гингрич  мемлекеттік хатшы қызметіне бірден-бір үміткер тұлға. Сонымен қатар, бұл қызметке үміткерлердің арасында сыртқы істер жөніндегі сенат комитетінің басшысы Роберт Коркер  мен БҰҰ-дағы АҚШ-тың бұрынғы тұрақты өкілі Джон Болтонның аты аталып жүр. 

Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп басшылық ететін АҚШ-тың жаңа басқармасы 2017 жылы 20 қаңтарда инаугурация қабылданғаннан кейін қызметке кіріседі.

Жаңалықтар
0