Әлем

Үндістанда пойыз рельстен шығып кетіп, 60 адам қаза тапты

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖолаушылар пойызы апатқа ұшырады
Жолаушылар пойызы апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пукраян қаласы маңында рельстегі ақаудың салдарынан пойыз апаты болған.

АСТАНА, 20 қар — Sputnik.  Үндістанның солтүстігінде жолаушылар пойызы релсьтен шығып кетіп, алпыс адам қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Пукраян қаласына жақын жерде болған. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, 14 вагон релсьтен шығып кеткен. 

"Қаза тапқандардың саны көбейіп 60 адамға жетті, тағы да 150 адам жарақат алған", — деп мәлімдеді Уттар-Прадеш штаты Канпур қаласының бас инспекторы Заки Ахмед.

Апат себебі әлі анықталған жоқ, бірақ, дереккөздердің мәліметінше, қайғылы оқиға релсьтердегі ақау кесірінен болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0