01:06 10 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD432.55
  • EUR470.83
  • RUB5.84
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Соңғы күндері Алеппода мектептер мен ауруханаларға әуеден шабуыл жасалып жатқандығы туралы хабар келген болатын, соның салдарынан көптеген бейбіт тұрғындар жарақат алды.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша сириялық Алеппоның шығыс бөлігіне жасалған әуе шабуылдары нәтижесінде қалада бірде-бір аурухана қалмады. Кейіннен бұл ақпаратты БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун растады деп жазады РИА Новости.

"Бас хатшы соңғы күндері үдеп кеткен әуе шабуылдарын сынға алып отыр, бұл шабуылдардың салдарынан Сириядағы бейіт тұрғындар, оның ішінде жас сәбилер зардап шегуде, ал шығыс Алеппода ауруханалар түгелдей қирады. Сонымен қатар, бас хатшы Алеппо провинциясында және қаланың батыс бөлігінде болған жөн-жосықсыз атыс-шабыстарға өте наразы, бұл жерлерде мектептерге шабуыл жасалынып, бейкүнә сәбилер қаза тапқан", — делінген дүниежүзілік ұйымның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

БҰҰ бас хатшысы "бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымдарға қарсы шабуыл жасау әскери қылмыс екендігін" тағы бір мәрте атап өтті. 

Загрузка...

Басты тақырып