Әлем

Жапонияда аномалды ерте жауған қардан 30-дан астам адам зардап шекті

© REUTERS / Toru HanaiТокио
Токио - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Токио мен көрші префектураларда  ерте жауған қарға байланысты кем дегенде 34 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости Asahi телеарнасына сілтеме жасай отырып. 

Бейсенбі күні Токио мен көрші префектураларда қар жауды – қарашаның соңы үшін ерекше ере құбылыс. Соңғы рет қарашада қар 54 жыл бұрын жауған. Күннің ортасына қарай метеорологтар, соңғы 141 жылға алғаш рет – 1875 жылдан бері – Токионың орталық аймақтарын қар басты. Бұл орташа жылдық көрсеткіштерден 40 күннен ерте деп саналуда. 

Қардың жаууы мен көктайғақ елордалық өңір тұрғындарын тығырыққа кіргізді. Токо префектурасында — 6, Сайтамда – 10, Канагавада – 7 адам зардап шекті. Жалпы Токио  орналасқан Канто өңірінде 34 адам жарақттар алды. Түнге қарай қар тоқтайды, деп күтіледі. 


Жаңалықтар
0