Әлем

Францияның оңтүстігінде бетперде киіп алып, қаруланған ер адам қарттар үйіне басып кірді

© AP Photo / Francois MoriФранциядағы полицей
Франциядағы полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскер пышақпен қаруланған, болжам бойынша сол қарудың көмегімен күзетші әйел өлген.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Францияның оңтүстігінде жұмаға қараған түні қарттар үйіне басып кірген ер адам қашып кеткен, деп хабарлайды РИА Новости AFР басылымына сілтеме жасай отырып. 

Ғимаратқа кірмес бұрын бетперде киіп алып, қаруланған ер адам қарт әйел болған күзетшіні байлап қойған. Тіршілік белгілерін білдірмеген оның жансыз денесін полиция арнайы операция барысында тапты. Алдын ала болжам бойынша, ол суық қарудың көмегімен өлтірілген. 

Оқиға орнына полиция арнайы қызметінің жасағы келді. Полиция мекемені тінтіп шықты,, бірақ қылмыскерді таппады. 

Полиция префектурасы оқиғаның теракт емес екенін мәлім етті. Қарар үйінде бұрындары Африкада әртүрлі миссияда жұмыс істеген 70-ке жуық зейнеткер монах тұрады. Қаскүнемнің әрекеттеріне ненің себеп болғаны белгісіз. 


Жаңалықтар
0