10:57 24 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Мигранттар

Ердоған босқындарға Еуропа Одағы шекарасын ашып бермекші

© Sputnik / Сергей Строителев
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
22 0 0

Түркия басшысының мәліметінше, елде үш миллиондай босқындар тұрып жатыр.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Еуропа Одағы Анкараға қарсы саясатын жалғастыратын болса, Түркия босқындарға ЕО шекарасын ашып береді деп мәлімдеді Түркия президенті Тайип Ердоған жұма күні.

Еуропарламент бейсенбі күні Страсбург қаласында өткен пленарлық отырыста Түркияның қауымдастыққа кіруі туралы келіссөздерді түрік билігінің іс-әрекетіне байланысты тоқтатуға шақыратын резолюцияны қабылдады, бұл Анкара тарапынан қатты наразылық туғызды. Түркия премьері Бинали Йылдырымның сөзіне сүйенсек, бұл құжаттың оның елі үшін ешқандай заңды күші жоқ.

"Шешім қабылдапты: Түкрия ЕО кіруі тиіс пе, жоқ па? 30-40 адам жиналып "жоқ" деді. Сіздер адамзатқа қатысты ешқашан әділеттілік танытқан емессіздер. Біз үш миллион босқынға пана болып отырсақ, сіздер шекарадан өткісі келген 50 мың адамға бола шу шығардыңыздар. Бұлай жалғаса берсе, шекаралық пунктілердің бәрін ашамыз", — деді Ердоған Стамбулдағы "Әйел және демократия" конференциясымен кездесу барысында.

Басты тақырыптар